Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Седиментометрлік талдау"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:02, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Седиментометрлік (седиментациялық) талдау<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> - дисперсиялық жүйеде бөлшектердің өлшемі бойынша таралу функциясын табуға мүмкіндік беретін зерттеудің сандық әдістері; затты түйірөлшемдік талдаудың тиімді тәсілдерінің бірі.
- Седиментометрлік талдау екі класқа бөлінеді: Жердің тартылыс күші өрісінде талдау және орталыққа тартылу, электр және тағы басқа күштер өрісінде талдау.
- Геологияда қолданылатын седиментометрлік талдау бөлшектердің өлшемін олардың сұйық бағанасында (су үшін гидравликалық ірілігі бойынша) шөгу жылдамдығы бойынша өлшеу принципіне негізделген.
- Бөлшектердің сұйық ортада шөгу жылдамдығы мен олардың өлшемдері арасыңдағы тәуелділік бірқатар теориялық теңдеулермен өрнектеледі. Олардың ең маңыздысы — Стокс теңдеуі.
- Бөлшектер диаметрін анықтаудың практикалық шекарасы — 100м мен 0,5м аралығы. Геологиялық практикада cедиментометрлік талдаудың көптеген әдістерінің ішінен ең көп қолданылатыны Сабанин әдісі мен тамшуырлық (Робинзон) әдістер
Дереккөздер
<references/>