Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Александр Натанович Бернштам"
(- 2 санат; + 11 санат (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:38, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Александр Натанович Бернштам (18 қыркүйек 1910, Ресей, Керчь қаласы – 10 желтоқсан 1956, Санкт-Петербург қаласы) – шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1942 жылы), профессор, Орталық Азияны мекендеген түркі тілдес халықтардың тарихын зерттеушілердің бірі.
Өмірбаяны
- Ленинград (Санкт-Петербург) университетін бітірген (1931 жылы).
- Материалдық мәдениет тарихы академиясында қызмет етті.
- 1935–38 жылдары Шығыстану институтында жұмыс істеді.
Ғылыми зерттеулері
- «6–8 ғасырлардағы орхон-енисей түріктерінің экономикалық құрылымы» тақырыбы бойынша кандидаттық (1935 жылы)
- «Қырғызстан мен қырғыздардың көне дәуірден моңғол-татар шапқыншылығына дейінгі тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1936 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып, Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар солтүстікте Қаратау жоталарынан, оңтүстікте Памир тауларына дейінгі, шығыста Іледен, батыста Зеравшан үстіртіне дейінгі жерлерді зерттеп, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көне тарихына қатысты маңызды мәліметтер жинады. Ол 1930–40 жылдары қазақ-қырғыз тарихына қатысты тың мәселелер көтеріп, сақ-үйсін және түркі дәуірін зерттеуге елеулі үлес қосты. Археологиялық материалдарға сүйеніп, Теріскей Қырғыз өлкесінің қола дәуірден (б.з.б. 2 ғ.) 15 ғасырға дейінгі тарихын түбегейлі талдады. 250-дей ғылыми еңбегі мен мақалалары бар.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2005, ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 1 қазанда туғандар
- 1910 жылы туғандар
- Керчьте туғандар
- 10 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1956 жылы қайтыс болғандар
- Санкт-Петербургте қайтыс болғандар
- Қазақстан тарихшылары
- КСРО тарихшылары
- КСРО шығыстанушылары
- КСРО археологтары
- Профессорлар
- Түркітанушылар
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Тарих ғылымдарының докторлары
- Мемлекеттік Эрмитаж тұлғалары