Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Робенсай-Жетіасар"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Робенсай-Жетіасар — ежелгі шағын қаланың орны. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы темір жол станциясының оңтүстік-батысына қарай 45 километр жерде, Қуаңдария өзені құрғақ арнасының бойында. 1946 — 1948 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспед. (жетек. С.П. Толстов) зерттеген. Қаланың үлкен қорғанмен қоршалғандығы, қақпалы, мұнаралы болғандығы анықталды. Оның жобасы түсіріліп, қазба барысында қыш заттар жиналды. Ішкі құрылыстардан еш белгі сақталмаған. Зерттеу нәтижесінде Робенсай-Жетіасардың б.з.б. 3 ғасыр мен б.з. 3 ғасыр аралығында болғаны анықталды.
Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том