Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Боранбай Қалқаманұлы"
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Боранбай Қалқаманұлы (шамамен 1704 — 1802) — қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы соғысына қатысқан батыр, белгілі би.
Жас кезінде Түркістанда ескіше оқыған. Тарихи-әдеби деректерде Боранбай мен Қаракерей Қабанбай есімдері қатар жүреді. Ол қазақ хандығының тәуелсіздігі мен ел бірлігі жолында Абылай хан жүргізген саясатты жүзеге асыру ісіне үлкен үлес қосқан. В.В. Вельяминов-Зерновтың еңбектерінде, Кіші жүздің қаза тапқан ханы Әбілқайырдың орнына таққа оның ұлы Нұралыны отырғызуға мұрындық болып, Орынборға барып қайтқан 8 бидің бірі осы Боранбай екені айтылады. Кезінде арғын-найман арасындағы жер дауының әділ шешілуіне ықпал еткен. Боранбай биді Бұқар жырау, Көкбай ақын жырға қосқан. Оның көсемдігі мен шешендігі жайлы ел жадында: Үлгі:Дәйексөз немесе Үлгі:Дәйексөз деген сияқты көптеген өлең-жырлар қалған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы”, II-том</ref><ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>