Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әуезхан Сейтмағамбетұлы Күлімбетов"
ш (+ 4 санат; ±Санат:Тұлғалар→Санат:1964 жылы туғандар (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:27, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Әуезхан Сейтмағамбетұлы Күлімбетов (4.5.1964, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті) – стоматолог-ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты (1999).
Алматы мемлекеттік медицина институты (Қазақ ұлттық медицина университеті) стоматология факультетін бітірген (1986). 1986 – 88 жылдары Ақтөбе облысында стоматология емханасында тіс дәрігері, 1989 – 2001 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында комсомол комитетінің хатшысы, ассисент, ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады. 2001 жылдан AS – DENT стоматологиялық клиникасында директор.
Негізгі ғылыми жұмысы тіс ауруларын емдеуге арналған. Ол Арал маңында тұратын тұрғындардың ағзасына тіс протезіне қолданылатын металл қорытпаларының тигізетін әсерін зерттеді. Күлімбетов – Қазақстанда кандидаттық жұмысын (стоматология саласында) қазақ тілінде қорғаған тұңғыш ғалым. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>