Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ариан (ансамбль)"
ш (Arystanbek Ариан(ансамбль) бетін Ариан (ансамбль) бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Ариан - корей профессионалды эстрадалық ансамблі. 1967 ж. Корей музыкалы комедия театрының жанынан құрылды. Ансамбль аты корейдің халық арасына кең тараған "Ариан" әнімен аталады. Ансамбльдің көркемдік жағын басқарушы - ҚазССР-інің еңбек сіңірген әртісі В. А. Ким; бас дирижері - ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері - Э. Л. Богушевский; бас балетмейстері ҚазССР-інің еңбек сіңірген әртісі Р. И. Ли. Ансамбль программасында негізінен корей халқының ән-билері және совет композиторлары мен дүние жүзі халықтарының шығармалары бар. "Ариан" концерттік сапармен еліміздің көптеген жерлерінде болып, өнер көрсетті.
Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7