Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ксилофон"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сурет:Ksylofon ubt 0053.jpeg
Ксилофон.
Ксилофон (‘’грек. xylon – кесілген ағаш, phone – дыбыс; итал. Sіlofono’’) – соқпалы музыкалық аспап. Ол қатарластырылып тізілген ағаш пластинкалардың (көлеміне қарай) түрлі биіктікте дыбыс шығару принципіне негізделген. Дыбысты 2 ағаш балғашамен (қасыққа ұқсас) пластинкаларды соғу арқылы шығарады. Ксилофонның диапазоны әр түрлі, көбінесе, бірінші октаваның “си” нотасынан бесінші октаваның “до” нотасына дейінгі аралықты қамтиды. Ксилофонды жеке орындаушымен қатар, оркестр және ансамбльдер құрамына қосып та қолданады.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>.
Дереккөздер </span>
<references/>