Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Маңғыстау энциклопедиясы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:03, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Инфобокс{{#if: ||}}

«Маңғыстау» энциклопедиясы - «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия және«Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясының аясында Маңғыстау өңіріне арналған энциклопедиялық басылым.

Аталған энциклопедияда Маңғыстау облысының табиғаты мен қазба байлығы, осы өңірдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихы мен мәдениеті, шаруашылығы мен өндірісі, экономикалық байланыстары, ел есіндегі елеулі адамдары, ежелгі ескерткіш-мұралары мен өрісті өнері туралы мәліметтер қамтылған.

Энциклопедия 1997 жылы Алматы қаласы «Атамұра» баспасынан 30 000 данамен жарық көрді. Көлемі 36,17 бас таралған. Бас редакторы – Ә.Кекілбаев, редактордың орынбасары Д.Әріпов. Энциклопедияның бас кеңесшісі және жауапты редакторы Қ.Сыдиықұлы болды<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>.

Басылым Маңғыстау облысының 35 жыл толуына орай жаңа деректермен толықтырылып 2008 жылы қайта басылып шықты.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub