Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ванюков Андрей Владимирович"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Ванюков Андрей Владимирович (3.2.1917, Ресей, Төм. Новгород қ. — 7.9.1986, Мәскеу) — ғалым, тех. ғыл. докт. (1960), проф. (1961). Мәскеу түсті металдар ин-тын бітірген (1941). Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандағы кен-металлургия ин-тында жұмыс істеді. Ванюковтың негізгі ғылыми жұмыстары Норильск, Балқаш кен-металлургия комб-тарындағы, Орта Орал мыс қорыту зауытындағы мыс, мыс-никельді, мыс-мырышты және темір кентасты шикізаттарды өңдеудің теориялық негізін салуға және оларды өнеркәсіптік жолмен игеруге арналған. Оның ғыл.-зерт. жұмыстарының ең көрнектісі сульфидті концентраттарды сұйық астауда балқыту әдісімен (Ванюков әдісі) қайта өңдеу процесі болды. Бұл процесс шлак балқымаларына пеш бүйіріндегі фурмалардан (саңылаулардан) оттек үрлеу арқылы жүргізіледі. Сөйтіп сульфидтердің балқуы және оның тотығуы жоғарыдан төмен қарай қозғалатын сұйық шлак ішінде өтеді. Қазіргі кезде Балқаш кен-металлургия комб-нда мыс шикізатын сұйық астауда балқыту негізінде өңдеу кешені құрылған. В. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, т.б. орден және медальдермен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub