Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Карл Броккельман"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Броккельман Карл бетін Карл Броккельман бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Броккельман (Brockelmann) Карл (17.9.1868, Германия, Росток — 6.5.1956, Галле) — неміс шығыстанушысы. Шығыс тарихы, семитологиямен шұғылданған. 1900 жылдан Бреслау, Кенигсберг, Галле, Берлин, 1923 — 36 ж. Бреслау, 1946 жылдан Галле университеттерінің профессоры. Оның “Араб әдебиеті тарихы” аталатын биобиблиографиялық анықтамалығында (1 — 2 т., 1898 — 1902) араб тілінде жазған ақындар, әдебиетшілер мен ғалымдар, соның ішінде 7 — 20 ғ-лар тарихшылары, олардың еңбектері жөнінде маңызды мағлұматтар берілген. “Мұсылман халықтары мен мемлекеттерінің тарихы” (1939) деген еңбегі нақты деректер негізінде жазылған құнды шығарма.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub