Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Раиса Степановна Боронина"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Боронина Раиса Степановна бетін Раиса Степановна Боронина бетіне жылжытты)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Боронина Раиса Степановна (1922 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Боголюбово ауылы) — дәрігер. Социалистік Еңбек Ері (1971). Алматы мемлекеттік медицина университетін бітірген (1946). Еңбек жолын 1947 — 49 жылы Балкашино кентінде емхана меңгерушісі болып бастаған. 1949 — 57 жылы Балкашино ауданының аға дәрігері, 1957 — 86 жылы Балкашино ауданы ауруханасында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. Акушер-гинекологтардың Бүкіләлемдік конгресінің делегаты (1973, Мәскеу). 3-, 5-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО орден, медальдарымен марапатталған. 1986 жылдан зейнеткерлік демалыста.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub