Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Василий Антонович Белокуров"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Белокуров Василий Антонович бетін Василий Антонович Белокуров бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Белокуров Василий Антонович (1923, қазіргі Шортанды ауданы Гуляйполе ауылы – 1945, Чехословакия, Моравска-Острава қаласы) — Даңқ орденінің толық иегері. 1942 — 45 ж. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1940 жылы Жолымбет кентіндегі ФЗО мектебіне түсіп, бітіргеннен кейін сол жерде бұрғылаушы болып жұмыс істеген. 1942 жылдың тамыз айында армия қатарына алынған. Старшина Белокуров 155-атқыштар дивизиясының 436-атқыштар полкінің 3-атқыштар батальонында комсорг болған. Соғыста қайсарлығымен, ерліктерімен көзге түскен. 1945 жылдың көктемінде Моравска-Острава қаласын азат ету кезінде ауыр жараланып, қаза тапқан. Сонда жерленген.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub