Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Эльмира Батурхановна Сайдуллаева"
ш (clean up, replaced: М. Әуезов → Мұхтар Омарханұлы Әуезов using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Эльмира Батурхановна Сайдуллаева 1983 жылы 13 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Байсейіт ауылында туған. Ұйғыр. Әкесі - Зординов Батурхан, мұғалім болған. Анасы - Шамсудинова Мехирниса, мұғалім болған. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін бітірген (2003), мамандығы - «Халық биі». «Ана юрт нәпәси» жеке концертінің қоюшысы (2010). Ұйғыр, қазақ және орыс тілдерін біледі. 2002 жылдан бері - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының жеке балет орындаушысы. Республикалық би сайысының Бас жүлде иегері (2000). «Урал-МОНО» халықаралық сайысының (2008), «Рухсара» республикалық халық биі сайысының (2008), халықаралық арабей биі сайысының («Үздік би қоюшысы» дипломы, Юрмала, 2010) лауреаты. Хоббиі - музыка. Сүйіп оқитын әдебиеті - Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Тұрмыс құрмаған.
<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>