Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Василий Кузьмич Акулинцев"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Василий Кузьмич Акулинцев(1916-1993), инженер-металлург, партия қызметкері. Магнитогорск кен-мегаллургия институтын бітірген (1941). Златоуст металлургия зауытында, цех мастері, ауысым бастығы, Енакиев металлургия зауытында партком хатшысы, 1950-52 ж. Украина КП Енакиев калкомының Гхатшысы. 1952-1962 ж. Түркіменстан КП ОК бөлім меңгерушісі, хатшысы, Түркімен КСР халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы болады. 1962-65 ж. КОКП ОК Орта Азия бюросы төрағасының орынбасары, КОКП ОК инспекторы. 1968 жылғы ақпаннан 1979 жылғы тамызға дейін 11,5 жыл Қарағанды облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болды. Акулинцев облыстың 1-басшысы ретінде өлкенің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосты. 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған. 6-10 шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, партия съездерінің делегаты болып бірнеше мәрте сайланды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify