Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жанама толықтауыш"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: терминдерінін → терминдерінің, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN → 2005 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жанама толықтауыш<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>— барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктерінің бірінде тұрған немесе туралы, жөнінде, жайында деген септік шылаулармен айтылатын толықтауыштар. Жанама толықтауыш сабақты және салт етістіктермен алшақ байланыста тұрып, оларды жанама түрде толықтырады. Субъектінің қимыл-әрекетін, күйін білдіретін етістіктер. Жанама толықтауыштарды меңгеріп, олардың жоғарыла айтылған септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Жанама толықтауыш іс-қимылға объект ретінде катысатын затты білдіреді. Жанама толықтауыштар білдіретін объектілік қатынастар мынадай:

  1. барыс септігінде келіп, іс-қимылдың кімге, неге арналғанын, бағытталғанын білдіреді: Батырға таяқ, та жарақ, (мақал);
  2. барыс септігінде келіп, іс-әрекетке, санаға катысты объектілерді білдіреді: Білгенге жол бос (Абай), Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша ("Жалғыз арша");
  3. шығыс септігінде келіп, заттың тегін, іс-әрекеттің шығу объектісін, тегін білдіреді. Тастан сарай салғызды (Ы. Алтынсарин), Сөйлеуден қашты;
  4. көмектес септігінде келіп, іс-әрекетке бірлестікті, ортақтықты білдіреді: Тау тасымен көрікті, ел жасымен көрікті (мақал);
  5. жатыс септігінде келіп, кімде? неде? деген сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекеттің, сапанын затқа тән екендігін білдіреді: Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, (Абай). Ср. Тура толықтауыш.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub