Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:42, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Қылышбай Алдабергенов.jpg
Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов

Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.<ref>«Кто есть кто в Казахстане», «Сredo», Алматы, 2006, ISBN 9965-9596-7-6</ref>. 1957 жылы 21 шілдеде Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келді.

1974 жылы Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірді. Сол жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына қабылданып, осы оқу орнын 1979 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. 1979-1980 жж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында стажер-зерттеуші.

1980 жылдан бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында оқытушы, аға оқытушы, факультет деканы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1982-1985 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО Мемлекеттік құрылыс комитетінің Бетон және темірбетон ҒЗИ аспиранты.

1985 жылы КСРО Мемқұрылыс БТҒЗИ-да құрылыс материалдары мен бұйымдары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

1990-1996 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректоры.

1995 жылы Ресей Федерациясы Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыс технологиясы және ұйымдастыру мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

1996-1998 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры, 1998-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін басқарды.

160-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монография, 22 өнертапқыштық патент пен куәліктің, 5 оқулықтың авторы. Ол 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидатын дайындады.

1996-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының үш мәрте сайланған депутаты ретінде қоғамдық-саяси қызметпен белсене айналысты.

«Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (2006-2007 жж.), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі.

2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Қызылорда облысынан партиялық тізім бойынша сайланған депутаты.

2011 жылы 12 тамыздан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры.

2012 жылы 5 желтоқсандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың №444 Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>