Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бадамша дене"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Бадамша дене (corpus amyg- daloideum; лат. corpus — дене, amygdaloideum — бадамша) — мидағы көру төмпегі мен жасымықша ядро аралығында орналасқан, жолақты дене құрамындағы сұрзаттық ядро (ядро — белгілі бір қызмет атқаруға маманданған нейроциттер перикариондарының тобы, ми сұрзатының бөлігі). Бадамша денені көру төмпегі мен жасымықшаның сұрзаттық ядроларынан ішкі және сыртқы ақзаттық аралықтар бөліп тұрады. Бадамша дене — жолақты дененің құрамында қыртысастылық ядро ретінде адам мен жануарлар орагнизміндегі көптеген шартсыз рефлекстердің (қимыл, вегетативті реттелу т.б.) іс жүзіне асуына қатысады. Бадамша денені орналасу орынына байланысты иіс миының құрамына жатқызады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub