Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гаметоцит"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Гаметоцит (gametocytos; грек, gametos жыныс, kytos — жасуша) — пісіп жетілген жыныс жасушасы.
Гаметоцит (сперматозоид, овоцит) — құрылысы жағынан дене жасушасы (сома жасушасы) сияқты протоплазмадан, яғни цитоплазмадан және ядродан тұрады. Бірақ, гаметоцит дене жасушасымен салыстырғанда бірқатар айырмашылықтармен ерекшеленеді:
- 1. гаметоцитте зат алмасу (метаболизм) процесі төменгі деңгейде жүреді;
- 2. гаметоцит ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады;
- 3. пісіп жетілген гаметоцит бөлінбейді және ол ұрықтану процесін іс жүзіне асырады.
Сперматозоид цитоплазмасында дене жасушаларына тән барлық жалпы органеллалар болады, ал овоцит цитоплазмасында центросома болмайды, ал қалған органеллалар бар.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>