Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ауатамыршалар"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: түрады → тұрады using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Alveoli diagram.png
Ауатамыршалар

Ауатамыршалар (бронхиолы); (bronchiolus; грек, bronchiolos — ауатамырша, бронхиола) — ауатамырлар тарамының соңғы тармақтары. Ауатамыршалардың қабырғалары — бір қабатты текше (куб) тәрізді кірпікшелі эпителийден және оның сыртындағы дәнекер ұлпалы қабат — өзіндік тақташадан тұрады. Өзіндік тақташа құрамындағы эластин талшықтары мен бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері бронхиолалар бойымен ұзынынан орналасады. Аталған талшықтар мен ет жасушаларының осылай орналасуы - ішке тыныс алу кезінде ауатамыршалардың қабырғалары ауаға толып, созылып кеңейіп, сыртқа дем шығарғанда өзінің бұрынғы қалпына келеді. Соңғы ауатамыршалардан алвеолалы тарамның бастама ауатамыршасы — альвеолалы (көпіршікті) ауатамыршалар басталады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub