Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Строма"
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Строма (stroma, грек. — төсеніш) — қомақты паренхималы мүшелер паренхимасын байланыстырып біртұтас ететін дәнекер ұлпалық құрылым.
Строма талшықты борпылдақ дәнекер және тығыз дәнекер ұлпаларынан тұрады. Ол паренхималы мүшелердің сыртқы қапшығын және мүшелер паренхимасын бөлікшелерге бөлетін перделіктерді түзеді, қомақты мүшелердің негізін құрап, тіректік қызмет атқарады.
Строма арқылы қомақты мүшелер паренхимасын қоректендіретін қан және лифма тамырлары мен мүшелердің жұмысын реттейтін жүйкелер өтеді. Қантұзу мүшелерінің стромасын ретикулалы ұлпа және ретикуло-эпителиоциттер құрайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>
Дереккөздер
<references/>