Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Агранулалы эндоплазмалық тор"
ш (clean up, replaced: - Алматы: → — Алматы:, 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және Үлгі:Lang-la — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және ферменттердің көмегімен улы заттарды бейтараптандыруға (бауыр жасушалары — гепатоциттерде) қатысады. Бұлшықет талшықтары мен ет жасушаларының (бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінің, жүрекет ұлпасы кардиомиоциттерінің) агранулалы эндоплазмалық торларында жиырылу қызметін іс жүзіне асыратын ет жіпшелеріне (миофибриллаларына) эсер етіп, олардың жиырылу процесін қамтамасыз ететін кальций элементі қорланады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>