Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қызыл таңдай"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Қызыл таңдай
Қызыл таңдай, ремерия (Roemerіa) — көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық сүт-шырынды шөптесін өсімдіктер. Қызыл таңдай, көбіне тастақты тау беткейлерінде, төбешік құмды, сазды жерлерде, жусанды шөлде, бау-бақша, егістіктерде арамшөп ретінде өседі. Қазақстанда имек Қызыл таңдай (R. refracta) және будан Қызыл таңдай (R. hybrіda) деген 2 түрі кездеседі. Биіктігі 3 — 50 (100) см, сабағы тік бұтақтанып өскен әрі қалың тікенді, түкті. Жапырақтары сағақты, қауырсын салалы екі рет тілімделген, қарама-қарсы немесе кезектесе орналасқан. Күлгін-көк, ірі, ашық қызыл түсті гүлдерінің төменгі жағында көкшіл дақтар бар. Сәуір — маусымда гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — бұршаққынша тәрізді қорапша. Имек Қызыл таңдай улы өсімдік, құрамында ремерин алкалоиды болады.