Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жазба"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Сілтемелер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жазба, математикада —
- қисық сызықтың жазбасы — ұзындығы берілген қисық сызықтың ұзындығына тең болатын түзу кесіндісі. Мұндай кесіндіні іздеу қисық сызықты түзулеу деп аталады. Қисық сызықтың жазбасы деп кейде оның эвольвентасы түсініледі.
- Көпжақтың жазбасы — берілген көпжақты алу үшін оның қабырғалары мен төбелері бойынша жапсыру тәртібі көрсетілген көпбұрыштардың жиыны. Жапсыру тәртібі мынадай шарттарды қанағаттандыруы тиіс: а) жапсырылатын қабырғалардың ұзындықтары бір-біріне тең болуы керек; ә) көпбұрыштың әрбір қабырғасы басқа көпбұрыштың бір қабырғасымен ғана жапсырылады; б) бір-біріне жапсырылған көпбұрыштар арқылы кез келген басқа көпбұрышқа өтуге болады. 1-суретте кубтың жазбасы көрсетілген.
- Қисық беттің жазбасы — бірі-бірімен жапсыру арқылы берілген қисық бетті құруға арналған жазық фигуралардың жинағы. Мысалы, цилиндрдің бүйір бетінің жазбасы тік төртбұрыш (2-сурет), ал тік дөңгелек конустың жазбасы дөңгелек секторы (3-сурет) болады. Жазба ұғымы элементар геометрияда, сызуда, топологияда және дөңес беттер геометриясында қолданылады.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала