Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жағымпаздық"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:15, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жағымпаздық <ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>— адам мінезіндегі ұнамсыз сипат; оның айналасындағы адамдар мен қызметтестеріне, өзінен қызмет жағдайында жоғары тұратын адамдарға жақсы көріну үшін шектен тыс қошеметшіл болуы. Көбінесе, өз қабілетіне өзі сенбейтін, оңай жолмен артық пайда табуды не билік-мансапқа қол жеткізуді өмірінің мақсаты тұтқан адамдар бойында кездеседі. Жағымпаздықтың әлеуметтік ортаға, қоғамға тигізетін зияны көп. Жағымпаздық орын алған әлеуметтік ортада адамгершілік принциптері мен шынайы құндылықтар рөлі төмендеп, адамдар қарым-қатынасында жалған өлшемдер белең алады. Сондықтан халық жағымпаздықты ащы күлкімен шенеп отырған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify