Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ашудастар"
ш (clean up, replaced: темп-расы → температурасы (2) using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ашудастар – күкірт қышқылы қос тұздарының кристалгидраттары. Құрамы металдар валенттілігіне және су молекулаларының санына тәуелді. Хим. формуласы: Ме+Ме3+(SО4)2·12Н2О.Ашудастар құрамына бір валентті калий, рубидий, цезий, аммоний тобы, үш валентті алюминий, хром және темір кіреді. Ең жиі кездесетіні калий-алюминий ашудасы – КАl(SО4)2·12Н2О. Ол октаэдр не куб пішінді кристалдар түзеді. Дәмі қышқыл келеді, 92,5°С-та балқиды. Ашудастар сусыздандырылған сазға қанық күкірт қышқылын және калий сульфатын қосу арқылы алынады. Ашудастар төменгі температурада нашар ериді. Бірақ жоғ. темп-рада ерігіштігі күрт артады. Мыс., температурасы 0° суда 2,95 г, ал температурасы 100° суда 154 г калий-алюминий ашудасы ериді. Ашудастар адамға ертеден белгілі. Олар медицинада қабыну ауруларына қарсы, қан тоқтататын, құрғататын дәрі есебінде, өндірісте тері илеуде қолданылады.