Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Хризоколла"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Bot: Migrating 23 interwiki links, now provided by Wikidata on d:q407485 (translate me))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:01, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Infobox mineral

Сурет:Chrysocolla USA.jpg
Хризоколла

Хризоколла(грек. сhrysos — алтын, kolla — желім; ерте кездерде алтыннан жасалған заттарды дәнекерлеу үшін қолданылған) — силикаттар класының монтмориллонит тобына жататын минерал.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том </ref> Химиялық формуласы: CuSіO3nH2O, құрамындағы: CuO — 45,2%, қоспалары: Al, Ca, Mg, Fe, Ph, Zn, P. Ромбылық сингонияда кристалданады, кристалдары ине тәрізді, өте ұсақ болып келеді. Минералдық агрегаттары жасырын кристалды, бүйрек, топырақ тәрізді масса түзеді. Түсі көгілдір, көгілдір жасыл, көк қоңыр, қара, қатты Моос шкаласы бойынша 2 — 4, тығызд. 2,0 — 2,3 грамм/куб сантиметр. Ыстық, құрғақ климат жағдайында мыс кендерінің тотығу белдемінде түзіледі. Қазақстанда Жезқазған, Алтай кендерінде кездеседі. Хризоколладан мыс алынады және зергерлік істе қолданылады.<ref> Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>


Пайдаланған әдебиет

<references/> Үлгі:Geology-stub Үлгі:Wikify