Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлвира Тұрсынқызы Разиева"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Ұйғыр әншілері» деген санатты аластады (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Музыкант Гүлвира Тұрсынқызы Разиева (19 шілде, 1936 жылы Алматы қаласында туған ) — әнші. Ұйғырлардан шыққан тұңғыш Қазақстанның халық әртісі. Алматы облысының Құрметті азаматы. «Парасат» Орденінің иегері.
Өмірбаяны
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген (1964), әнші.
- 1958 жылдан - Ұйғыр театрының солисі.
- 1964-1991 жылдары - ҚР эстрадалық-симфониялық оркестрінің солисі.
Шығармалары
- «Сәнъитим мениң- һаятим мениң» (2007) кітабының авторы.
- Қазақстан композиторларының танымал шығармалары енген «Мунайм» компакт-дискін (2002), «Уйгур кизи» аудиокассетасын (2002) шығарған.
Шырқаған әндері
- Ұйғыр театрының сахнасында «Анархан», «Герим-Санам», «Айсарының қитұрқысы», «Аршын Мал-Алан» және т.б. спектакльдеріндегі жетекші партияларды ойнаған. Қазақ радиосының алтын қорына оның орындауындағы 500 шығарма енгізілген.
Марапаттары
- Ұйғыр халқынан шыққан алғашқы Қазақстан Республикасының халық әртісі (1981 жылы).<ref>Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
- «Парасат» орденімен марапатталған (2006).
- Алматы облысының Құрметті азаматы.
- ҚР Президенті сыйлығының стипендиаты.
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальі;
- 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Отбасы
- Әкесі - Разиев Тұрсын Ғазиұлы. Анасы - Әлиева Гүлвазир Жетпісбайқызы.
- Тұрмыс құрған. Жұбайы - Умаров Алмас Бидалжанұлы, зейнеткер, инженер-металлург болып жұмыс істеген.
- Ұлы - Умаров Руслан, қызы - Умарова Рената.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub