Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Антеклиза"
ш (clean up, replaced: терминдерінің, орысша → терминдерінің орысша using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:01, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Антеклиза (юнанша anti – қарсы, klisis – еңіс) – платформа ауқымындағы ірі (ауданы 100 км2-ден астам) тектоникалық көтерілме құрылым. Жазықтықтағы пішіні дөңгелек не сопақша болып келеді. Антеклизаны платформалық тыс деп аталатын шөгінді немесе жанартаутекті-шөгінді тау жыныстарының қатпарланбаған, бірақ аздап еңістенген (әдетте 1۫-қа дейін) қат-қабаттары құрайды. Ол ұзақ геологиялық мерзімде, бір немесе бірнеше тектоникалық айналым барысында түзеледі. Антеклиза аумағында кішігірім күмбездер, ойыстар сияқты ұсағырақ құрылымдар жиі ұшырасады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Антеклиза<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref> - Мейілінше ірі (ауданы 60-100 мың шаршы шакырымнан астам) платформалық деңес (көмпейме) құрылым. Дөңес қанаттарының еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайды.
Дереккөздер
<references/>