Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мезосфера"
ш («Жер атмосферасы» деген санатты аластады (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мезосфера (Үлгі:Lang-el — ортаңғы және sphaіra — шар) — атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында болса, 80 километр төңірегінде — 900°С-қа дейін төмендейді. Мезосфера құбылыстары (температурасы, қысымы тағы басқа) метеорологиялық ракетадағы құралдар күшімен анықталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>
Термин 1951 жылы Географиялық және геофизикалық одақ шешімімен қабылданды. Мезосфераның газдық құрамы атмосфералық қабаттардың төменгі бөлігінде орналасқандар секілді тұрақты және 80% азот пен 20% оттегіден тұрады. Мезосфера төменгі қабаттағы стратосферадан стратопауза арқылы, ал жоғары қабаттағы термосферадан мезопауза арқылы бөлінген. Мезопауза негізінен турбопаузамен сәйкес келеді.
Дереккөздер
<references/>