Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дизъюнктивті дислокациялар"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Дизъюнктивті дислокациялар – геологиялық денелердің жарылуы (жыртылуы) және осылайша дараланған дене бөлшектерінің жарылым бойымен жылжуы нәтижесінде қалыптасатын тектоникалық бұзылыстар жиынтығының жалпылама атауы. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>

Жыртылып-ажырау құрылымдарын құрайтын геологиялық дене бөлшектерінің бір-біріне үйкеле отырып жылжу жазықтығы рөлін әдетте байырғы жарықтар мен жарылымдар атқарады, бұл жазықтық әдетте жыртылу жазықтығы немесе жыртылу жігі деп аталады; геологиялық дене бөлшектерінің кезінде бір-біріне шендес орналасқан нүктелерінің жыртылу жігі бойымен алшақтап кету қашықтығын ажырау амплитудасы деп атайды.

Дизъюнктивті дислокациялар нәтижесінде жыртылып-ажырау құрылымдарының талай-талай түрлері қалыптасады (көлбеме, сырғыма, шашпыма, тектоникалық бүркеме т. с. е.).

Дизъюнктивті дислокациялар терминінің синонимі ретінде жеке сөздер мен сөз тіркестері қолданылуы мүмкін. Олар: жыртылыс; жыртылып ажырау; жарылым; дизъюнктивті бұзылыс т. с. с.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала