Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Өндіріс"
ш («Түрлер бойынша технологиялар» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
- сол өнімді дайындайтын табиғи зат
- өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
- адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
- аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы
Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
Мазмұны
Өндіріс түрі
Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).
Жаппай өндіріс
Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.
Өндірістік қуаттылық
Өндірістік қуаттылық - уақыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең үлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.
Өндірістік процесс
Өндірістік процесс (іс- амал) - осы өндірісте өнімдерді шығару мен өңдеуге қажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Aрын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-234-0</ref>
Өндіріс қорлары
Өндіріс қорлары - өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.
Өндірісті қайта құру
Өндірісті қайта құру - өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.<ref>Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.</ref>
Дереккөздер
<references/> <references/>