Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жаңа Каледония"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жаңа Каледония (Үлгі:Lang-fr) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батысында, Меланезия топаралдарының құрамындағы арал. 1946 жылдан Францияның иелігінде. Ауданы 19,0 мың км². Тұрғыны 180 мың адам. Құрамында Жаңа Каледония (16,7 мың км²), Луайоте, т.б. аралдар бар. Биік шалғынды өсімдіктер, сирек ормандар, жоғары белдемде шырша тұқымдас ағаштардан тұратын ормандар өскен. Қойнауынан темір, никель кентастары өндіріледі. Тұрғындары жер өңдеу (тропик. жемістер), балық аулаумен айналысады. Әкімшілік орталығы — Нумеа қаласы.
Тарихы
Ағылшын теңіз саяхатшысы Джеймс Кук ашқан (1774). Атауы Шотландияның көне атауымен қойылған.