Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жосалы минералды су көзі"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+Санат:Қарағанды облысы географиясы; +Санат:Қазақстан минералды сулары (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:36, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Жосалы минералды су көзі, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Жосалы тауының солтүстік бөктерінде орналасқан. Су көзі орналасқан алап девонның туфтекті-шөгінді жыныстарынан түзілген. Жер қыртысы жарығынан шығып жатқан судың тәуліктік шығымы 100 – 300 м3 (пайдаланылатын су қоры тәулігіне 190 м3), судың минералдығы 0,4 – 0,5 г/л. Құрамында темір ионы мол (100 – 125 мг/л), аздаған йод, бром, фтор бар. Жосалы минералды су көзінің негізінде денедегі қан қызыл түйіршіктерінің азайып кетуін, асқазан шырыны, басқа да іштегі сырқаттарды емдейтін «Жосалы» санаторийі жұмыс істейді.