Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Белсексеуіл"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Белсексеуіл Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында Көкен жоны мен Тауқұм аралығында орналасқан құмды алқап. Алматы облысы Балқаш ауданының жерінде. Ұзындығы 40 км шамасында, ені 8–12 км. Орташа биіктігі 340 – 500 м. Жер бедері негізінен құм төбешіктерден тұрады. Көшпелі сусыма құмды жерлер жиі кездеседі. Төбешіктердің биікт. 5–8 м, беткейі өсімдікпен бекіген құм төбелер 20 – 25 м-ге дейін көтеріледі. Олар ойыс, қазаншұңқырлармен бөлінген. Кейбіреуі сорға айналған. Өсімдік жамылғысында жүзгін, теріскен, қоянсүйек, жусан басым өскен. Грунт суы жақын жерлерде шеңгел, жыңғыл өседі.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub