Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Санкт-Петербург"
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:52, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Санкт-Петербург (Үлгі:Lang-ru) — Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін -— Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін — Ленинград деп аталған.
Географиясы
Санкт-Петербург Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Тұрғындарының саны 4,7 млн-ға жуық (2004).
Санкт-Петербург аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі торабы.
Мәдениеті
Ресей ғылым академиясының ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр, Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, машина, станок, прибор, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы, химиялық, түсті және қара металургия комбинаттары бар. Метрополитені 1955 ж. іске қосылған. Қаланы 1703 ж. Петр І салдырған. 1712 — 1918 ж. Ресей астанасы болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Санкт-Петербургдың жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды. Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, С.Лапин, М.Шоқай, Б.Құлманов Санкт-Петербургдың Императорлық университетінде, Ә.Бөкейхан Санкт-Петербург Императорлық орман институтында, М.Тынышбаев Санкт-Петербург Императорлық жол қатынасы институтында, С.Аспандияров пен Х.Досмұхамедов Санкт-Петербург Императорлық әскери медициналақ институтында білім алды. Қазақтың алғашқы баспасөздерінің бірі саналатын “Серке” газеті Санкт-Петербургда жарық көрді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі Санкт-Петербургда өтті. Бірінші орыс револяциясы, Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі Санкт-Петербургда басталды. 1918 ж. астана Санкт-Петербургдан Мәскеу қаласына көшірілді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қала 29 ай бойы неміс фашистері әскерлерінің қоршауында болды. Сол тұста Санкт-Петербург тұрғындарына Қазақстан халқы көп көмек көрсетті. Қаланы жаудан қорғауда көптеген қазақстандықтар ерлікпен шайқасты (Ленинград шайқасы). Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жаумен күреске жігерлендірді. Қазіргі кезде Санкт-Петербургда Ж.Жабаев пен Ә.Молдағұлова есімімен аталатын көшелер бар. Петропавл қамалы, Қысқы сарай, Биржа ғимараты, Исаакий соборы, т.б. сәулет өнері ескерткіштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілген. 2003 ж. Санкт-Петербургдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Санкт-Петербургдағы қазақ диаспорасы 2 мыңға жуық адамды құрайды. Қалада қазақтардың ұлттық орталығы жұмыс істейді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>
Экономикасы
Санкт-Петербург — Ресей Федерациясының маңызды экономика орталықтарының бірі. Санкт-Перербургтың экономикалық дамуы, өндіріс және сауда комитетінің мәліметі бойынша, 2012 жылы аймақтық жалпы өнімі 2,138 трлн рубль болған ( 2011 жылы — 2,072 трлн руб.)<ref name="Инвест.паспорт СПб 2013">Үлгі:Cite web</ref>. Экономикасының негізгі көзі (жақшаның ішінде 2010 жылғы аймақтық жалпы өнімінің бөлігі):
- өндеу өенркәсібі (24,1 %),
- сауда (18,7 %),
- жылжыматын мүлікпен операциялар (18,2 %),
- көлік және байланыс (9,9 %),
- құрылыс (7,8 %),
- басқа (21,3 %)<ref name="Соц-экон.развитие СПб 2011">Үлгі:Cite web</ref>.
Қражы нарығы айналымынан Ресейде екінші орын алады. Қалада бірнеше биржа, 42 коммерциялық банк, Санкт-петербург халықаралық банкі, басқа аймақтардың банктерінің 100 шақты филиалы, 400-ден астам брокер компаниясы жұмыс істейді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Галерея
- Санкт-Петербургтың көрнекті тарихи жерлері
- Catherine park in Tsarskoe Selo 01.jpg
Пушкин қаласындағы Екатерина паркі
- View to Kazan Cathedral by Ivan Smelov.jpg
Казан соборы
- Mariinsky Palace Saint Petersburg.jpg
Мариининский сарайы
- Mešita v Sankt-Petěrburgu (3).jpg
Қаланың орталығында орналасқан мұсылман мешіті
- Alexander Nevskij Kloster 4.JPG
Александр Невский Лавра
- Moskovskaya Square SPB 01.jpg
Мәскеу алаңы
- Pulkovo airport.jpg
Пулково әуе жайы
Пайдаланылған cілтемелер
<references/>