Ұрпақтың еңбек әлеуеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұрпақтың еңбек әлеуетіхалықтың жиынтық экономикалық-демографиялық сипаттамасы. Ұрпақтың экономикалық белсенді құрамында өлім-жітімнің межелі деңгейінде және еңбек белсенділігі деңгейінде өмір сүруге тиіс ұрпақтың еңбектегі өмірінің адам-күнмен есептелетін орташа мөлшерімен көрсетіледі. Ұрпақтың еңбек әлеуеті алдағы еңбек өмірінің ең көп болжалды, әлеуетті және нақты ұзақтығына ажыратылады.
Алдағы еңбек өмірінің ең көп ұзақтығы дегеніміз жұмыс кезеңінің жоғарғы және төменгі шекарасы арасындағы жас мөлшеріндегі айырмашылық.

  • Болжалды ұзақтық — еңбекке белсенділіктің жас шамасын деңгейлерін ескергендегі осы айырмашылық анықтайды.
  • Әлеуетті ұзақтық — жұмыс кезеңінің жоғарғы және төменгі шектері арасындағы осы халықтың жас шамасына қарай өлім-жітімінің деңгейіне түзету енгізгендегі жас мөлшері.
  • Нақты ұзақтық — еңбекке белсенділіктің жас деңгейін де, осы халықтың өлім-жітімінің жас деңгейін де ескергенде жұмыс кезеңінің жоғарғы және төменгі шекарасы арасындағы жас мөлшері.

Алдағы еңбек өмірінің ең жоғары және нақты ұзақтығы арасындағы айырмашылық еңбек әлеуеті шығынының жалпы шамасын береді, бұл ұзақтықтың бір бөлігі осы халықтың өлім-жітімінің жас шамасының (еңбек әлеуетінің шектеусіз шығыны) деңгейіне, бір бөлігі еңбекке белсенділігінің жас шамасының (еңбек әлеуетінің сақтық қоры) деңгейіне байланысты. Еңбек әлеуеті шығынының құрылымына қарай оның қалпына келтірілуі бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде еңбекке жарамды адамдардың мерзімінен бұрын қайтыс болуынан шығасыға ұшырау басым болып келеді, ал қорытынды кезеңде шығын еңбек әлеуетінің сақтық қоры есебінен (оқыту мерзімінің ұзартылуы, зейнетке ертерек шығуына байланысты өнімді еңбек қызметін тоқтату) болады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}