Үстірт мұнайлы-газды алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үстірт мұнайлы-газды алабы<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> — Үстірттің Каспий және Арал теңіздері арасындағы бөлігін қамтыған мұнайлы-газды өңір. Жалпы ауданы 170 — 175 мың км2. Қазақстанға Үстірттің тек батыс бөлігі ғана енеді. Үстірт мұнайлы-газды алабы эпигерциндік Тұран плитасының батыс бөлігінен орын алған және 2 құрылымдық қабаттан тұрады. Нығаюы каледон-киммерийде өткен төменгі құрылымдық қабат геологиялық жастары әр түрлі және метаморфтануға ұшыраған шөгінді-эффуз., интруз., кристалдық тау жыныстарынан құралған. Метаморфтануға ұшыраған жоғары құрылымдық этаж литол. құрамы күрделі жоғары палеозой-антропогендік тау жыныстарынан тұрады. Мұнай мен газды іздеу бойынша терең бұрғылау жұмыстары 1961 жылы басталған. 1961 — 1976 жылдары антиклиналдық құрылымның 15 алаңы терең бұрғылауға ұшырады. Бүгінде палеоген, юра шөгінділерінен бірнеше мұнай-газ кендері ашылды. Үстірт мұнайлы-газды алабының ірі кендеріне Жетібай, Солтүстік Қарамандыбас, Ақтас, Бектұрлы, Тасболат, Тенге, т.б. жатады. Аудандағы мұнай мен газ кендерінің келешегі қалыңдығы бірнеше мың метірге жететін палеозой тау жыныстарымен байланысты.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үстірт мұнайлы-газды алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}