Қызыл тұзшөп
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қызыл тұзшөп (Үлгі:Lang-la) - алабота тұқымдастары, тұзшөп туысына жататын бір жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 5-30 см.
- Сабағы сидам, жатаған, кейде тік, жіңішке, түсі қызыл, түп бұтақты келеді.
- Жапырағы таспа, қандауыр тәрізді, кезектесіп орналасқан.
- Гүл қоршауы 2 жапырақты, аталығы 2-3. Гүл жапырағы гүлінен ұзын.
Өсетін жері мен таралу аймағы
Еуропаның оңтүстік-шығысында, Батыс Сібірде, сондай-ақ Қазақстанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында шоқы, қыраттарда, сор, сортаң жерлерде өседі. Қызыл тұзшөпті түйе жейді.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>