Қонақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қонақ – үйге келген мейман.
Танымайтын кісі “құдайы қонақ”, әр түрлі тілеулестікке, тойға шақырылған мейман “арнайы қонақ” болып саналған. Халықтық ғұрып бойынша, келген адам үйге баса-көктеп кірмей, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген адам әуелі шаңыраққа сәлем беріп кіруі керек. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келгендерге қонақасы берілген. Үлкен ас кезінде қонақтар төрден есікке қарай, жасының үлкендігі мен мәртебесіне байланысты орналасады. Қымыздан кейін ет ұсынылады. Құдайы қонақ түскен үйде отағасы жоқ болса, астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген. Қонақты қарсы алған отағасы есік ашып, алдымен оны кіргізеді, шығарып саларда қонақтың өзі ашуы керек. Үй иесі ашса, онда қонақты қуғанмен бірдей саналады.<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Қазақтардың қонақ күту әдебі

Қонақтың түрлері

  • Арнайы қонақ: Ол - әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көр- ші-көлем, құда-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.
  • Құдайы қонақ: Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.
  • Қыдырма қонақ:Үйден-үйді, ауылдан-аул- ды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.
  • Қылқыма қонақ:Ол – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз қонақ.
  • Құтты қонақ:Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», - деген нақыл бар. Бұл мейман – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
  • Ерулікті қонақ:Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атайды.

Қонақтың орыны

Қонақтың орыны – қашан-да үйдің төрі. Қонақтар үйге сәлем беріп (шаңыраққа сәлем беріп) кіргеннен кейін қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, аяқ киімін оң жақ босағаға шешіп, төрдегі жаюлы тұрған сырмақ үстіндегі көрпеге барып отыруға тиіс. Өзін таныстыруға асықпайды, үй ішіндегілер де оның аты-жөнін, жұмысын тергеп сұрамауға тиісті. Өйткені ол – көргенсіздік болып саналады. Келген қонақ аты-жөнін айтқанымен, жұмысын айтқысы келмесе, оны ешкім де жазғырмауға міндетті. Осы қонақтың үстіне сырттан тағы да қонақтар келіп қалса, жасы кішісі жасы үлкенге ығысып орын береді. Қонақ шөлдеп келсе, оған ең әуелі қымыз ұсынылады, сосын барып шәй, ас береді. Бойжеткендер шыны аяқты салдырлатпай өте әдептілікпен шай құйып береді, қонақтардың әңгімесіне араласпайды, оларға тіктеп қарамайды, орынсыз ыржалақтап күлмейді. Мұн-ың бәрі ежелгі заманнан бері қонақ шақырып күткенде бұлжытпай орындалатын әдептер.

Қонақ күту әдебі

Қазақтар ұл-қыздарына қонақ күту әдебін жас кезінен бастап үйреткен. Оны жырға қосып үнемі айтып отыратындықтан, қонақжай- лылық балаларының жас кезінен-ақ сана-сезіміне сіңіп, жүрегінен орын алған ғой. Қазақтың осы қонақжай- лылығы, қонаққа құрмет көрсетуі хақында мынандай жыр шумақтары бар: Сырттан келген мейманға, Сәлем беріп, қол алсаң, - Бірінші еткен құрметің. «Түсіңіз», - деп түс беріп, Шылбырына оралсаң, - Екінші еткен қызметің. Есік ашып енгізіп, Көрпе төсеп құп алсаң, Үшінші еткен құрметің. Мейман риза болмағы Құрметпен үйге қонғаны. Кешіктірмей шай берсең, Ұмыт болар тоңғаны. Тысқа шықса қария, Қолында болсын құмғаны.

Ірікпесең барыңды Қонақжайлық сол-дағы. Шариғат қонақжайлылық туралы Мұсылмандар үшін қонақ күту – үлкен сауап. Олар қонақты «ниғмет» деп сана-уға тиіс. Ал әрбір ниғмет бір машақаттың қарсылығына келеді. Маша-қатсыз ниғмет болмайды. Яғни, қонақ кү-тудің де өзіндік машақаты бар. Соған қарамастан, қо-нақты жақсы қарсы алып, оған мәдениетті түрде кең-пейілділікпен қыз-мет жасау қажет. Әрбір мұсылман қонақ күтуді өзіне сауап жазылатын әдемі мүмкіндік деп сезінгені жөн. Ислам шариғаты осыған үндейді.

Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадис-шәріптерінде мынандай өси- ет айтылған: «Аллаһу Тағала бір қауымға жақсылық тілесе, оларға сыйлық ретінде қонақ жібереді. Қонақ рызығымен келеді. Аллаһу Тағала ол үйдің тұрғын-дарын кешіреді».

Қонақ – Аллаһ Тағаланың сыйлығы болғандықтан, оны құрметтеп күту – шарт. Ал қонақ келмесе, ренжу – жақсы қылық. Себебі хадис-шәріпте: «Қонақ кірмеген үйге періште де кірмейді», - деп айтылған. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер үйіне қонақ келмеуін тілейді. Бұл дұрыс емес. Осы орайда Ұлық Пайғамбарымыз: «Қонақ күтуді қаламаған адамда береке жоқ», - деген.

Отағасының, отанасының қонақты күту үшін көп әуреге түскенін, қиналғанын шариғат қаламайды. Мұндай жағдайда қонақ та қат-ты ыңғайсызданады. Бұл жөнінде де хадис-шәріпте былай деп бұйырылған: «Қонақ үшін шектен тыс әуреге түспеңдер, қонақ бұдан ыңғайсызданады. Қонақты ренжіткен Ал-лаһты ренжіткен болады. Аллаһты ренжіткеннен Аллаһ жиіркенеді». Ал енді Хазірет Әли бұл орайда былай деген: «Достың ең жаманы сені әуреге салған, өзін басқаруға сені мәжбүрлеген, сені кешірім сұрайтын істер жасауға итермелеген адам».

Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қонақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}