Қазақ-қырғыз қарым-қатынастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ-қырғыз қарым-қатынастары(16 – 17 ғасырлар) – екі елдің арасындағы саяси байланыстар. Қазақ-қырғыз қарым-қатынастары қазақтардың Моғолстан мен қалмақтарға қарсы күресі барысында қалыптасты. Бұл қарым-қатынастар, әсіресе, Таһир ханның тұсында нығая түсті. Шығыс авторларының деректеріне қарағанда, 1525 – 26 жылдары қазақ елінің ішіндегі шиеленіскен саяси жағдайға байланысты, Таһир Моғолстанға кетуге мәжбүр болды. Осы кезде оған қырғыздардың үлкен тобы қосылды. Қазақтар мен қырғыздардың біріккен күшінен қорыққан Моғолстан билеушісі Рашид сұлтан Қошқардан Атбасы деген жерге шегінді. Ол, ақыры, Ыстықкөл маңында болған ұрыста қазақ-қырғыз біріккен күші қолынан қаза тапты. Таһир өмірінің соңғы күніне дейін қырғыздарға саяси билік жүргізді. Қазақтар мен қырғыздардың саяси соғыс одағы Ақназар (Хақназар) ханның билік жүргізген дәуірінде де өз күшін жойған жоқ. Ақназардың Моғолстан билеушісі Абд әл-Латиф сұлтанға қарсы күресінде қырғыздар оған әскери көмек берді. Қазақтар мен қырғыздардың біріккен қолы моғолдарды жеңіп, Абд әл-Латифты қолға түсірген. Моғолстан мен қазақ хандығы арасындағы Жетісудағы жер үшін күрес Есім ханның дәуірінде де тоқтамады. Бұл күресте оны қырғыз билеушілері қолдады. Қырғыздардың біраз рулары оған бағынышты болды. Қазақ-қырғыз саяси байланыстарындағы Есім салған жол Тәуке ханның тұсында одан әрі дамыды. Қырғыздардың едәуір бөлігі Тәуке ханға тәуелділігін мойындаған. Тәуке хан өз әмірін қырғыз биі Қоқым арқылы жүргізіп отырды; Қырғызстан.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ-қырғыз қарым-қатынастары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}