Ғабдұлман Матов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғабдұлман Матов (1914, бұрынғы Орал облысы Жәнібек ауданы — 1942, Харьков қ. маңы) — дирижер, домбырашы, сазгер, Қазақтың халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі.
- Ол жасынан Құрманғазы, Мәмен, Түркеш, Мүсірәлі, Сейтек, Соқыр Есжан, т.б. өнерпаздардың күйлерін домбырада шебер орындаған.
- 1934 ж.Алматыда өткен халық өнерінің Бүкілқазақстандық 1-слетіне қатысып, күйшілік өнерімен көзге түсті.
- Матов халық аспаптар оркестріне домбырашы болып қабылданып, кейінірек көмекші-ассистент дирижері, домбырашылар тобының концертмейстрі болды.
- 1935 ж. Балқаш қалсында, ал 1939 ж. Қарағанды қаласында халық аспаптар оркестрлерін ұйымдастырды. Ол
- “Қарабас”
- “Жастық шақ” атты күйлер
- “Отан үшін”
- “Біз жеңеміз”
- “Туған жер”, т.б. әндерді шығарған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}