Шолпан Сапарғалиқызы Жақытова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шолпан Сапарғалиқызы Жақытова - 1965 жылы 18 қарашада Павлодар облысы Павлодар ауданының 124-ші разъезінде туған. Қазақ. Әкесі - Жақытов Сапарғали Құрманұлы, марқұм. Анасы - Жақытова Зайни Ақшабайқызы, марқүм.
Хронологиясы
- Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген (1989), экономист.
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
- 1988 жылдан - аудандық агроөнеркәсіптік техника басқармасының экономисі, баға жөніндегі инженері (Торғай облысының Жақсы кенті).
- 1992 жылдан - «Жалып» шағын коммерциялық-брокерлік кәсіпорнының бас бухгалтері (Торғай облысының Жақсы көнті).
- 1993-1996 жылдары - Ақмола облысы Атбасар қаласы әкімінің аппаратында экономика бөлімінің аға маманы.
- 1998 жылдан -жеке кәсіпкер (Атбасар қ.).
- 2003 жылдан - «Валют Транзит Банкі» АҚ құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі (Атбасар қаласы).
- 2005 жылдан - «Альянс банк» АҚ ЕКБ бастығы (Рудный қаласы).
- 2007 жылдан - Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары.
- 2008 жылдың желтоқсанынан бері - Қостанай облысы Әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы.
- Атбасар аудандық мәслихатының депутаты (2003-2006).
- Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі (2001 жылдан);
- Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығы филиалының төрайымы (2003-2005);
- Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығы филиалының төрайымы (2006-2007).
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары дамыған демократиялық қоғам». Хоббиі - кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Тәженов Қанат Амангелдіүлы (1964 жылы туған), кәсіпкер. Қыздары - Тәженова Динара Қанатқызы (1985 жылы туған); Тәженова Дамира Қанатқызы (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub