Шиһабаддин Маржани

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маржани Шиһабаддин (Шиһабеддин), Шиһабаддин ибн Баһаутдин ибн Субхан ибн Абд-әл-Кәрім әл-Маржани (16.1. 1818, Қазан қ. маңындағы Ябынчы а. — 28.6.1889, сонда) — көрнекті татар ойшылы, ағартушы, ғалым, тарихшы. Әкесі Баһаутдиннің Қазан губ-ндағы Ташкичу а-нда ашқан медресесінде бастауыш білім алып, 17 жасынан сол медреседе тәрбиеші болып қызмет етті.

Өмірбаян

1838 ж. білімін тереңдете түсу мақсатында Бұхара қаласына келіп, онда Хусаин ибн Мұхаммед әл-Кирмани әл-Қарғали, Абд әл-Мумин өзбақ әл-Афшанчи секілді әйгілі оқымыстылардан дәріс алады. Қаражат тапшылығын тартқан М. бай-ауқатты аудандардың балаларын оқыту үшін жалдануға, қолжазбаларды көшірумен айналысуға мәжбүр болды.
1843 — 45 ж. Самарқандтағы “Ширдор” медресесінде,
1845 — 49 ж. Бұхарадағы Мір Араб медресесінде ұстаздық етті. М. Бұхара мен Самарқандта болған кезінде араб, парсы тілдерін меңгеріп, әл-Фараби, әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, т.б. ғұлама ойшылдардың шығармаларымен танысты.
1849 ж. туған жеріне оралып, мешіттің имамы және оның жанындағы медресенің мударрисі болды.
'1850 ж. Орынбор муфтилігінің ұйғарымымен Қазан мешітінің имамы болып тағайындалды. Ол медресенің схоластика философиядан арылуы керектігін айтып, кәламшыларды сынады. Бұл туралы өзінің “Назурат ал-хак” “(Қазан, 1870), “Хакк ал-марифат”” (Қазан, 1880), “Ал-хикмет ал-балиға” (Қазан, 1888), “Ал-бирак ал-вамид” (Қазан 1888), “Ал-ғазб ал-фурат” (қолжазба) атты кітаптарында жазды. Оның “Ет-Тарихатул-есна вел-ақидетул-хусна” еңбегі кәламшыларға қарсы бағытталды. М. Ш. ұстанған бағыт еркіндікті насихаттап, кейбір қажетсіз пәндер мен кітаптарды бағдарламадан алып тастауды, діни оқуда ислам тарихына көбірек көңіл бөлуді, мұсылмандардың Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) дәуіріндегі иман мен сенімге, шынайылыққа қайта оралуын қолдады. Ол В.В. Радлов, Казем-бек Мирза Мұхаммед Али, И.Готвальд секілді ға-лымдармен араласып, олармен ой бөлісіп отырды. 'В.В.Вельяминов-Зерновпен де байланыс жасап тұрған.
1874 ж. Қазан ун-ті жанындағы археология, тарих және этнография қоғамына мүше болып қабылданды.
1877 ж. Қазан қаласында 300-ге жуық ғалымдардың қатысуымен өткен археологтардың 4-съезінде “Бұлғар мелекеті мен Қазан хандығының тарихынан” деген тақырыпта ғыл. баяндама жасады.
1880 ж. қажылыққа барады. Осы сапары кезінде Александрия, Каир, Измир, Стамбұл қ-ларында болып, Құдуратулла әл-Қундузи, Махмуд-бек әл-Фаллахи сияқты ғалымдарға жолығып, ортағасырлық шығыс деректерімен танысуға қол жеткізеді. М. ибн Фадланның еңбектерін, Әмір Темірдің “Тузлуктарын” тауып, олардағы бай материалдарды түркі халықтарының тарихын жазуға пайдаланады. Оның “Мұстафад әл-ахбар фи ахуали Қазан уа Бұлғар” (Қазан және Бұлғар тарихы үшін жиналған мәліметтер) атты кітабы ғыл. ортада жоғары бағаға ие болды. Онда Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір хандықтары, сонымен бірге Ақ Орда, Ноғай ордасы секілді мемлекеттер, оларды билеушілердің саясаты, Шайбани және Бабыр әулеті туралы тарихи мәліметтер кеңінен қамтылған. Сондай-ақ осы еңбекте қыпшақтар туралы, Дешті Қыпшақтағы қазақ хандары жайлы арнайы тарау да бар. М. халықтың өзін-өзі тануы, тарихи-мәдени дәстүрлерін білуі ғана ұлттық сана-сезімнің орнығуына алып келеді деген пікірде болды. Ол түркі халықтарының өркениетке қосқан үлесін жоғары бағалады. Қазан татарларының шығу тегін моңғолдармен байланыстыратын концепцияны теріске шығарып, олардың Еділ- Кама өңірін ертеден қоныстанған бұлғарлардың тікелей ұрпағы екендігін дәлелді негіздеп, әрі татарлардың ұлт болып қалыптасуында өзге де этностардың, соның ішінде қыпшақтар мен фин-угор тайпаларының да үлесі бар екендігін атап көрсетті. М-дің “Вафиат әл-Аслаф уа тахийат әл-Ахляф” (Өткен бабалар өмірінен және олардың ұрпақтарға сәлемі) атты 7 томдық кітабында шығыстың 6 мыңнан астам көрнекті ойшылдарының, діни қайраткерлерінің және билеушілерінің өмірбаяны берілген. Араб тілінде жарық көрген бұл еңбекте ибн Рушд, өлықбек, әл-Фараби, әл-Бируни сияқты ойшылдардың, Баһауаддин ан-Нақшбанди, ибн Хишам секілді діни қайраткерлердің өмірлеріне қатысты мол мәлімет бар. М. дінді ғыл. жолмен танып білуге болатынын жақтап, жаратушы құдай идеясын қолдады. Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарының оқу жүйесін заман талабына сай өзгертуді жақтап, жәдидшілдіктің көрнекті өкіліне айналды. Н.И. Ильминскийдің мұсылман халықтарын орыстандыруда халық ағарту ісін пайдалануға ұмтылуына ашық қарсылық танытты. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресуде мұсылмандық ынтымақтастық және түрік бірлігі идеясы маңызды рөл атқарады деп сенді. Ол 30-дан астам еңбек қалдырды. Қазіргі кезде Татарстан Республикасының ұА-на қарасты тарих ин-тына М. есімі берілген.Д. Қыдырәлі, А. Махаева

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Әдебиеттер

Маржани, Қазан, 1915; Юсупов М.Х., Шигабутдин Марджани как историк, Казань, 1981;
Очерки Марджани о Восточных народах, Казань, 2003;
Хабутдинов А.Ю.,Лидеры науки, Казань, 2003.

Сілтемелер

<references />


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Д. Қыдырәлі, А. Махаева

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шиһабаддин Маржани|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}