Халықаралық қатынастардың саяси философия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық қатынастардың саяси философиясы - мемлекеттердің сыртқы саясатының, әлемдік саясаттың және халықаралық қатынастардың, қақтығыстардың, соғыс пен бейбітшілік мәселелерінің философиялық қырларын; халықаралық қатынастардың өзара әрекеттесуінің этикалық қырларын; сондай-ақ халықаралық-саяси проңестердің эпистемологиялық және философиялық негіздерін зерттейтін саяси философияның бөлімі. 1970-ж соңында халықаралық қатынастарды зерттеудің орталыгы нормативті мәселелер аясына, яғни, халықаралық сахнадағы этика мен мораль мәселелеріне ойысты. Халықаралық қатынастар философиясы мәселесін зерттеудегі басты бағыт қырғи-қабақ соғыс түсында ядролық тойтарыс мәселесін философиялық үғыну болды. Саяси философтар көбіне "табиғи қүқықтың" қазіргі үрдісін (кейде оны мемлекеттер моралі деп атайды) үсынады. Саяси теорияда халықаралық қатынастарды зерттеуде Гарвард мектебінің қосқан үлесі зор. Саяси-философиялық зерттеулер мынадай негізгі үш мәселенің айналасына шоғырланды:

  1. халықаралық қатынастардағы үлттық мүдде және билік рөлі;
  2. әлемдік саясаттың этика¬лық қырлары;
  3. жаһандану мәселелері - мәдениаралық ықпалдасу аясында.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Халықаралық қатынастардың саяси философия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}