Хабидолла Тастанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Хабидолла Тастанов (12 шілде 1926, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы – 5 маусым, 1980, Алматы) – музыкатанушы, педагог, домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972).
Мазмұны
Өмірбаяны
- 1950 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) домбыра класын бітірген. Қ.Жантілеуовтің шәкірті.
- 1950 жылдан осы консерваторияның халық аспаптары кафедрасында ұстаздық (1980 жылдан профессор) етті.
- 1959 – 61 ж. КСРО Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Ұланбатыр қаласында (Моңғолия) моңғол өнері онкүндігін ұйымдастыру және өткізу жұмысына басшылық етті. Баян-Өлгий музыкалық-драма театры жанында қазақтың тұңғыш халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Осы еңбектері үшін 1960 ж. Моңғолияның “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды.
Оқулық кітаптары
- Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек, А., 1956;
- Пьесалар. Домбыра үшін, А., 1957;
- Алғашқы домбыра үйрену мектебі, А., 1966;
- Домбыраға арналған этюдтер мен пьесалар, А., 1966; Қуанамын. Партитура, А., 1977.
Аспаптық және вокалдық шығармалары
- “Алатау аясында”
- “Тыңға аттану”
- “Қазақ биі”
- “Толғану”
- “Қуанамын”
- “Романс”, т.б.
Марапаттары
- Моңғолияның “Алтын жұлдыз” ордені (1960 ж.)<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}