Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1968 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - ғалым, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Қызметтік жолы

  • 1992-1994 жылдары «Замандас», «Шипагер» газеттерінде тілші, жауапты хатшы болып қызмет істеді.
  • 1994-2014 жылдары академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унивеситетінде оқытушы (1994-1997), аға оқытушы (1997-2002), доцент (2003-2006), профессор (2006-2014) болып, қазақ әдебиеті кафедрасының жетекшісі болып жұмыс істеді,
  • 2014 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде еңбек етуде.

Зерттеулер

Сағымбай Ботпайұлы - 300-ден аса ғылыми мақалалардың, 2 оқу құралының, 2 монографияның, 2 электронды оқыту құралының авторы. Профессор Жұмағұлов қазақ әдебиетінің тарихына қатысты көлемді еңбек жазып, алаштану бойынша еңбек етуде. Ол бірнеше ғылым магистрлеріне жетекшілік етті. Шәкірттерінің басым көпшілігі алаштануға қатысты ғылыми диссертацияларын қорғаған.

  • «Сын сардары». Монография. –Қарағанды: «Арко», 1999. – 133 б.
  • «Әдебиетші әлемі». Оқу құралы. – Қарағанды: Арко, 2003. – 119 б.
  • «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991 жж)». Монография. – Қарағанды: ЖШС «Гласир», 2008. – 552 б.
  • «Ғұмар Қараш шығармашылығы». ЭЕМ-ға арналған бағдарлама. Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. №272. 25 мамыр 2007 ж.
  • «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991 жж)». ЭЕМ-ға арналған бағдарлама-электрондық оқу құралы. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. №055. 13 қаңтар 2011ж.<ref>Жумагулов Сагымбай Ботпаевич.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}