Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров (30 наурыз 1970 - 26 наурыз 2015) - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі (2012-2014), "Қазатомөнеркәсіп" АҚ Президенті.

Өмірбаяны

Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды.

«КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған.

2003 жылдан – «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi.

Дереккөздер

<references/>