Николай Петрович Ивлев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Николай Петрович Ивлев (1928 жыл 7 қараша, Бөкей ордасы ауданы, Шоңай станциясы - 1998 жыл 13 наурыз, Алматы) - белгілі өлкетанушы.

Еңбек жолы

Балалық, жастық шағы Нарынқұм өңірінде өткен. Шоқан Уәлиханов, Мұхамед-Салық Бабажанов, т.б. қазақ ғылымы мен мәдениеті қайраткерлерінің шығармаларын жүйелеп, насихаттауға арналған зерттеу жұмыстарының авторы. Алғашқылардың бірі болып, қазақ этнографы Бабажановтың барлық жарияланымдарын топтап, ғылыми түсініктермен толықтырып, 1996 жылы жарыққа шығарды. Жергілікті өлкетанушы Жақып Ақбаевпен бірге 1991 жылы Бабажановтың Бөкей ордасы ауданындағы жерленген орнын анықтады.

Шығармалары

  • И оживают биографии, Алма-Ата, 1983;
  • Семиречинские мосты, Алма-Ата, 1974;
  • Находки краеведа, Алма-Ата, 1977;
  • История развития дорожного хозяйства Казахстана, Алма-Ата, 1994.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер