Мыңбұлақ артезиан алабы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мыңбұлақ артезиан алабы (Мынбулакский артезианский бассейн) – Қарағанды, Қызылорда облыстары өңіріндегі, Ұлытаудан Сырдарияның оң жағасына дейін созылған арынды және арынсыз жер асты су алабы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Бірнеше артезиан алаптарының шектескен жерінде орналасқан. Негізгі артезиан сулы қабаты жоғары бор дәуірінің құмды шөгінділерінде 50 – 106 м-ден (алаптың шет жағында) 350 – 500 м-ге дейінгі тереңдікте (орта тұсында) қалыптасқан. Судың минералдығы 0,6 – 1,1 г/л аралығында, құрамы гидрокарбонатты-сульфатты-хлорлы натрийлі. Сулы қабаттамалардың жалпы қалыңдығы 35 м-ден 153 м-ге дейін өзгереді (орташа алғанда 96 – 118 м). Бұл қабаттамалардағы судың арын күші 15 – 20 м-ден 542 м-ге дейін. Сулы қабаттарға жеткізіле қазылған әр ұңғымадан деңгейі жер бетіне жақындап көтерілетін (60 м-ге дейін) немесе жер бетінен 42 м биіктікке дейін көтеріліп, шапшып ағатын су алынады. Жер бетіне жақын жатқан (0,5 – 13 м тереңдікте) неоген – антропогендік көшпенді құмдармен байланысты грунт суы қабаттаманың орташа қалыңдығы 7 м. Артезиан алабындағы жер асты суларының болжамдық пайдалану қоры 70 м3/с (артезиан сулары) және 3,9 м3/с (грунт сулары). Барланып бекітілген тәулік пайдалану қоры 250 мың м3. Мыңбұлақ артезиан алабы суларын негізінен егістіктерді суаруға, мал жайылымдарын суландыруға және ауыз су ретінде пайдалануға болады.<ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}