Мысыр жорығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Б.з.б. 459—454 жылдары болған афиндықтардың және олардың Парсыға қарсы одақтастарының Грек-парсы соғыстарының кезінде болған әскери экспедициясымен шатастырмау керек.

Үлгі:Шайқас

Мысыр жорығы (Үлгі:Lang-fr; 1798-1801) — француз генералы Наполеон Бонапарт басқарған француз әскерінің Мысырға жасаған жорығы. Жорық Мысырды (Ұлы Османлы Мемлекетінің құрамында болған) жаулап алып, Үндістандағы Ұлыбританияның иеліктеріне соққы беру үшін ұйымдастырылды.

Тарихы

Сурет:French Campaign in Egypt map.jpg
1798 жылғы фрацуздардың стратегиялық картасы

1798 жылдың 19 мамырында француз эскадрасы 38 мыңдық әскермен Тулоннан шығып, 1 шілдеде Александрия маңына барып тоқтады. 21 шілдеде француз әскері мәмлүк әскерін қирата жеңіп, кейіннен Каирды алды. Тамыздың басында Әбукир түбінде ағылшын адмиралы Г. Нельсон француз флотын жойып жіберді, сөйтіп жорық әскері Еуропадан бөлініп қалды. 1798 жылдың 2 қыркүйегінде османлы сұлтаны III Сәлім Францияға соғыс жариялады. 1799 жылдың қаңтарында Ұлы Османлы Мемлекеті Ресеймен және Ұлыбританиямен одақтық шарттарға қол қойып, Францияға қарсы Екінші коалицияға қосылды. Наполеон Бонапарт әскерді тастап, Мысырдан кетуге мәжбүр болды. Оның орнын басқан генерал Ж.Б.Клебер 1800 жылдың 20 наурызында османлы әскерін қирата жеңді; Жерорта теңізіндегі орыс эскадрасының қимылы Мысырдағы француз әскерін әлсіретті. 1800 жылдың 14 маусымында Клебер қаза болды. Оның мирасқоры Ж.Мену 1801 жылдың көктемінде тізе бүгу туралы келісімге қол қойды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама